Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмыс тіркеліп, 58 адам әшкереленді, сонымен қатар 34 адам сотталды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «№2 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры мен бас бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Олар мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде медициналық бұйымдарды жеткізбестен, жеке компанияның шотына 10,5 млн теңге сомасында ақша аудару арқылы қаражат жымқырды деген күдікке ілікті. Соттың санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынды, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е. Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А. Әлжановаға, бас бухгалтер М. Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А. Ералиеваға қатысты үкім шығарды.
Сотталушылар заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар шеңберінде іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аудару жолымен қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген Антикор таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ емхана басшысы Сабиров өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Әлжанова, Дүйсенғалиева және Ералиева мемлекеттік ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары