10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырауда полиция кәсіпкерден 2 миллион теңге ақша бопсалаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
26 жастағы блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен.
Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктемеймін және құзырлы органдарға хабарламаймын деп 2 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған 26 жастағы блогерді ұстады.
Сондай-ақ, күдікті ақпанда сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.
Қазір күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді