23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атыраудың саябағында «Довира» украин этномәдени бірлестігі мен «Елсана» руханият клубы бірлесе отырып, мерекелік әрі қайырымдылық концерт ұйымдастырды.
Саябаққа жиналған кішкентай бүлдіршіндер мен қала тұрғындарына Атырау қаласының «Фламинго», «Тропикана», «Top Dance» би мектептерінің, «Харизма», «Всплеск» шығармашылық студиясының өнерпаздары жарқын көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді.
Бар жылулығы мен жақсылығын балаларға төккен мереке қарсаңында қайырымдылық акциясын өткізген «Довира» шығармашылық ұжымы Атырау қаласының Канцевтер отбасындағы ДЦП ауруына шалдыққан 8 айлық Канцев Давидке көмек қолын созды.
Егіздің сыңары Давид Астрахань облысындағы балалар медициналық оңалту орталығында ем алуда. Ата-анасының айтуынша, сәбидің емделуіне миллион теңгедей қаражат қажет екен.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік