6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтырауда 120 келіден астам бекіре мен есірткіні заңсыз сақтаған үш адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде үш ер адамды анықтап, ұстады. Олардың біріне тиесілі көлік гаражын тінту кезінде салмағы 101 келі қара балық, 20 келі бекіре тұқымдас балықтар түрлері, 7 дана көлемінде есірткіге ұқсас заттар табылды. Бұдан бөлек, күдіктідердің тағы бірінің гаражынан 5 дана моторлы қайық пен тіркелмеген 16 калибрлі екі ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір айғақты заттармен ұсталған үш күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен, 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдіктілердің жасы – 46, 41 және 38-де. Оларға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі