6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтыру облысында батыстан соққан желдің екпіні күшеюде. Жел екпінінің күшеюі «Ақжайық» резерватындағы өрт аумағының ұлғаюына және оны сөндіруге кедергі келтіруде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, Пешной метеостанциясында бүгін сағат 08:00 –де батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 6 метр болған. Ал 19:00-де жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 30 м/с-қа жеткен.
Қазіргі кезде өртеніп жатқан аумақта екпіні күшті желмен бірге шаңды дауыл соғып тұр. Қою түтіннен қызыл жалынды көру мүмкін емес.
Сағат 18:00-дегі ақпарат бойынша қамыс өртенген аумақ 1510 гектарды құрады. 1460 гектардағы қызыл жалын өшірілді. Қазір жалғыз ошақ – шамамен 50 гектар жердегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін «Қазавиаспас» мекемесінің МИ-8 тікұшағы арқылы 12 тонна су төгілді.
Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 50-ге тарта техника жұмылдырылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі