Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАтырау қаласында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері мен «Заманауи» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2-ақпанда «Мұнайшы» спорттық кешенінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірім үйі» тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Шынықсаң - шымыр боласың» атты қайырымдылық спорт фестивалі өтті.
Фестивальде ММА, каратэ, кроссфит секілді спорттың бірнеше түрлерінен жарыстар өтті. Фитнес орталығының атқарушы директоры балаларға спорттық клубқа бір күндік қонақ болуға рұқсат беретін шақыру билетін үлестірді.
Ал келесі күні Атыраудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің» тәрбиеленушілері өз қолдарымен жасаған туындылардың қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары мен жастар қолдан жасалған бұйымдарды тамашалап қана қоймай, қажетті заттарын сатып алып, балаларға қуаныш үмітін сыйлады.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады