28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАтырау облысында ТЖ режимі жарияланғалы бері, инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында 18 жасқа дейінгі 4600-ге жуық жасөспірімге А вирустық гепатитіне қарсы вакцина салынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратованың айтуынша, тасқын қауіпіне байланысты, Атырауда балалар мен жасөспірімдерге вакцина салу қарқынды жүріп жатыр.
Негізінде бұл вакцинаны балалар 2 жасқа дейін алып болуы керек. Бірақ, түрлі себептермен вакцинаны уақытында алмаған балалар өте көп. Тасқын болып жатқан аумақтарда инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында, А вирустық гепатитіне қарсы вакцина бұрын екпе алмаған 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынып жатыр. Облыста ТЖ режимі жарияланғалы бері 18 жасқа дейінгі 4600-ге жуық жасөспірім А вирустық гепатитіне екпе алды, - деді спикер Алтынгүл Аймұратова.
Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, облыс бойынша су тасқыны кезінде вирустық жұқпалы аурулармен ауырған науқас тіркелмеген.
21 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Атырауда тасқын болып жатқан аумақтарда санитарлық эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?