22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАтырау қаласында 2025 жылғы күзгі көгалдандыру науқаны қарқынды жүргізіліп, нәтижесінде 4 мыңға жуық жасыл желек егілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жұмыстар қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында қолға алынған.
Қала аумағында әртүрлі түрдегі ағаштар мен бұталар егілді:
– 1 000-нан астам қылқанжапырақты ағаш,
– 1 159 жапырақты ағаш,
– 317 сәндік бұта,
– су айдыны маңында өсіруге бейімделген 1 500 Ива Матсудана талы.
Мамандардың айтуынша, отырғызылған ағаштар өңірдің климаттық жағдайына сай таңдалып, қаланың жасыл қорын арттыруға елеулі үлес қоспақ. Әсіресе Ива Матсудана талдары су маңындағы аймақтарда топырақты бекітіп, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.
Көгалдандыру жұмыстары қала ішіндегі аллеялар, саябақтар, тұрғын үй аумақтары мен су жағалауларында жүргізілді. Бүгінде жас көшеттерге күтім жасау шаралары іске асырылып, суару және топырақ күту жұмыстары тұрақты бақылауда.
Қала әкімдігі биылғы науқан Атыраудың экожүйесін жақсартуға оң серпін беретінін, көгалдандыру шаралары алдағы көктемде де жалғасатынын атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев