Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Атырау облысында төрт мыңға жуық мемлекеттік қызметші кірістер мен мүліктер декларациясын тапсырды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Нұрмира Орынбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз мәслихатында спикер декларация тапсырудың маңыздылығын атап өтті.
Жалпыға бірдей декларация табыс ету ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды тетігі. Біз бұл процесті барынша жеңілдету және ыңғайлы ету үшін түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз, – деді Нұрмира Орынбаева.
Декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын пайдаланып, cabinet.salyk.kz веб-порталы арқылы онлайн жіберуге немесе мемлекеттік кірістер басқармаларының кеңселерінде қағаз жүзінде тапсыруға болады.
Айта кетейік, декларация тапсыру 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Уақытылы тапсырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд