Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Атырау қаласында «Былина» орыс этномәдени бірлестігі мен №17 мектеп-лицейі бірлесіп Мәскеу түбіндегі қазақстандық атқыштар дивизиясының ерлігінің 77 жылдығына орай шара ұйымдастырып өткізді.
1941 жылдың күзінде неміс-фашистік әскерлері КСРО астанасы Мәскеу қаласына шықты. Генерал-майор Иван Панфиловтың басшылығымен 1941 жылы Алматыда құрылған атақты 316-ші дивизияның Мәскеу үшін қалай батырлық көрсеткенін жақсы білеміз. Панфиловшылармен қатар Мәскеуді қорғауға бұрын ұмытылған 312-атқыштар дивизиясының жауынгерлері де өз үлестерін қосқаны белгілі. Бұл дивизия 1941 жылдың тамызында ақтөбелік полковник Александр Наумовтың басшылығымен құрылды. Оған ҚазКСР-ның әртүрлі өңірлерінің тұрғындары, оның ішінде Гурьев қаласынан (қазіргі Атырау қ.) 691 адам шақырылды.
Кездесу барысында Атырау мұнай және газ университетінің жанындағы Жауынгерлік Даңқ залында мыңдаған Гурьев майдангерлерінің есімдерімен жасақталған стендтердің ортасында мұражайды құрастырушы, тарихшы және өлкетанушы Вячеслав Афанасьев көп жылдар бойы ондаған жерлестеріміздің аты-жөнін және жерлеу орындарын анықтау жұмыстарымен айналысып келді. Сондықтан студенттер мен 11-сынып оқушылары қатысқан шарада Вячеслав Константинович жастарды батыр жерлестеріміздің есімдерін қалпына келтіру жолында аянбай еңбек етіп, көмектесуге шақырды.
Кездесуге қатысқан журналистиканың ардагер тілшісі Любовь Монастырская Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында дүниеге келген. Сонымен қатар, Любовь Михайловна көптеген очерктердің және Гурьев майдангерлері туралы «Қатардағы Жеңіс» атты кітаптың авторы.
Ал актриса, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің белсендісі Наталья Желдыбакова премьерасы екі жыл бұрын өткен «Жиырма сегіз панфиловшылар» көркем фильмінің шығу тарихы туралы баяндап берді.
Шараның жалғасы ретінде Жеңіс саябағында Отан қорғаушыларды еске алуға арналған Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд