Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАтырауда көліктен 20 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Таңғы сағат 07:20 шамасында 45 жастағы азамат 102 операторына Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолында тұрған DAF ауыр жүк көлігі ішінен 20 445 000 теңге каражаты салынған сөмкесін белгісіз адамның жасырын жымқырып, окиға орнынан бой тасалағанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының мамандары дереу күдікті көлікті анықтап Мақат ауданының полиция кызметкерлеріне бағыттама берген Geely GC 7 автокөлігі тоқтатылып, 23 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Мақат ауданының Полиция бөлімі ҚК-тің 188-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді