14.03.2024
03:11
1745
Атырауда 12 мың орындық жаңа стадион салынады

Атырауда 12 мың орындық жаңа стадион салынады

Атырауда 12 мың орындық стадион салынады. Халықаралық талаптарға сай нысанның жобасы биыл басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жобаның тапсырыс берушісі - Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Стадион Атырау қаласындағы «Аламан базары» маңынан салынбақ.

Қазіргі таңда аталған құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасауға тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Нысанның жер учаскесі - 7,7 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы - 35 000 шаршы метр.

Оқи отырыңыз: