23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырауда 11 адамды сан соқтырған алаяқтарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысында полицияға бірнеше тұрғын алаяққа алданғанын айтып, арыз жазған. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер заманауи тұрғын үйлерден пәтерлерді тәулігіне жалға беремін деп алдап, ақшасын иемденіп кеткен. Олар әр алаяқтық іс-әрекеттерін жасау барысында жаңа нөмірлерді қолданған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 және 34 жастағы екі ер адамды анықтады. Күдіктілердің жеке басын анықтау кезінде екеуі де бұрын сотты болған БҚО азаматтары екені белгілі болды.
Күдікті екі азаматтың біріне сот үкімімен 4 жыл 6 ай, екінші күдіктіге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік