Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырау облысында вирустық инфекциялардың алдын алу үшін балалар мен жасөспірімдер арасында Гепатит А вирустық вакцинасын салу жұмысы 10 мамырға дейін жүзеге асады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 18 жасқа дейінгі ересектерге екпе алу қажеттігін ескертеді.
Су тасқынының салдарынан туындайтын түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу үшін халық арасында балалармен қатар ересектерді де екпе алатындар санатына қосып отырмыз. 10 мамырға дейін Гепатит А вакцинациясын алу шарасы жүргізіледі. Қазіргі уақытта екпе алушылар санын есептеп, емдеу мекемелеріндегі вакцина қоры толықтырылуда,- дейді Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Бекешева.
Спикер елімізде еуропалық иммундау апталығы өтіп жатқанына байланысты шараға Атырау тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары