23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқпараттық технологияның даму дәуірінде тыңдалатын кітаптардың үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлім. Аталмыш кеңістікте қазақ тілді аудиокітаптардың санын көбейтуді мақсат еткен жаңа жоба «Атырау толқындары» деп аталады.
Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан жоба Атырау өңірінен шыққан көрнекті ақын-жыраулар мен жазушылардың шығармаларын Яндекс порталының «Яндекс-кітаптар» платформасына орналастыруды көздейді.
Қазан айының 18-і күні атыраулық оқырманға жобаның жалпы таныстырылымы болып өтті. Биылғы жылы отызға тарта аудиокітапты Яндекске орналастырылатын болады. Қазтуған Сүйінішұлы, Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Марат Отаралиев, Фариза Оңғарсынова, Табылды Досымов бастаған ақын-жыраулардың туындылары, Ә.Сәрсенбаев, Е.Домбаев, И.Жақанов, М.Құлкенов, Н.Қами, М.Мәжитов,Б.Сәрмекова секілді белгілі прозаиктердің шығармалары кәсіби студияда жоғары сапада жазылып, тыңдарманға жол тартты.
Жоба жетекшілері Яндекс порталымен бес жылға келісім - шарт жасасты. Алдағы уақытта әдеби туындылардан бөлек, публицистикалық, танымдық дүниелерді қалың оқырманға таныстыру жоспарда тұр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады