18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Атырау облыстық полиция департаменті азаматтарды интернет алаяқтарынан сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кез-келген бейтаныс сілтемеге немесе смс хабарламаларға өтпес бұрын оның шынайылығына көз жеткізіп, жеке және қаржылық деректерді ешкімге бермеу қажет.
Айта кету керек, Атырау облысында жыл басынан бері 90-ға жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта олардың ішінде 37 қылмысқа қатысты 3 күдіктіге қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде интернет-алаяқтардың арбауына түскендердің қатарында 10-ға жуық зейнеткер бар.
Алаяқтық схемасы келесідей жүзеге асады: жәбірленушіге оның атына сәлемдеме келгені туралы (Казпошта қызметкері ретінде) қоңырау шалып, сізге «сәлемдеме келіп тұр» деген жалған ақпарат береді. Жәбірленушіден 4 санды SMS кодын сұрап, оның атына ірі көлемде онлайн несие рәсімдейді, - дейді Атырау облысы ПД Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Садуақас Жангалиев.
Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында қаладағы 20-ға жуық Kazpost бөлімшелерінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шара кезінде азаматтарға шынайы пошталық хабарламалар мен жалған SMS-терді ажырату жолдары түсіндіріліп, күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігі ескертілуде.
Атырау облысының тұрғындары осындай жағдайға тап болса, дереу полицияға 102 нөміріне не болмаса 109 нөміріне хабарласуы қажет.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр