13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАтырауда әкесі мен ұлынан 300 келіге жуық бекіре тәркіленді. Күдіктілер заңсыз ауланған бағалы балықты сатпақ болған, деп хабарлайды El.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 300 келіге жуық бекіре балығын сатуға дайындағын әкелі-балалы тұрғындарды ұстаған.
Басқарма қызметкерлеріне балық қорына заңсыз қол сұғушыларды ұстауға жедел әрекет ететін арнайы жасақ көмек берген.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықтарын сатпақ болған Атырау қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар – әкелі-балалы адамдар. Әкесінің жасы 61-де, ал, 37 жаста. Күдіктілер бағалы балықтарды «Нива» автокөлігін тасымалдап келе жатқан. Көлікті тексеру кезінде және тұрғылықты мекен-жайынан 280 келіден астам бекіре балығы табылып, тәркіленді»,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Мемлекетке келтірілген залал құны 130 млн теңгені құрады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды