6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша 269 сайлау учаскесі құрылса, оның 11-і жабық учаскелер. Ал, дәл қазір жабық учаскелердегі дауыс беру аяқталды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыста 9 ауруханада, 1 әскери бөлім мен уақытша қамау орнында жабық учаске құрылды. Әскери бөлімде сайлаушылар таңғы сағат 6:00-ден бастап өз таңдауларын жасаса, қалған жабық учаскелер 7:00-де бастады. Ал қазір ол учаскелерде дауыс беру аяқталып, санау жүріп жатыр, - деді А.Айманакумов.
Оның айтуы бойынша, бүгінгі саяси науқанның ашық өтуі үшін жергілікті және халықаралық байқаушылар жұмыс жасап жатыр. Халықаралық байқаушы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымнан 14 өкіл келіп, өз жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ 1500-ге жуық ұлттық байқаушы сайлау процессіне қатысып жатырғанын жеткізді.
Айта кетейік, әзірге облыс бойынша аталған сайлауда ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі