Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырауда 8 жастағы оқушы суға батқан балаларды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
8 жастағы оқушы Дінмұхаммед Жаңбырбай батыл әрекет жасады.
3 желтоқсан Жұмыскер көпірі маңында 2008 және 2013 жылғы екі жасөспірім мұз үстінде ойнап жүргенде мұз кенеттен ойылып, балалар суға түсіп кетеді.
Оны байқаған Дінмұхаммед еш ойланбастан балаларды ағынды судан шығарып алады.
Суға батып бара жатқан балаларды көргенде, бар ойым оларды құтқарып қалу болды. Судың ағыны қатты болды, уақыт та өте тығыз еді. Мұздың ойығына жүгіріп жетіп, балаларды судан шығарып алдым. Оларды құтқару үшін қолымнан келгенді жасадым, - дейді ол.
Оқиға орнына жеткен полицейлер балаларға көмектесіп, ата-аналарына аман-есен тапсырды.
Баламды ажалдан құтқарған Дінмұхаммедке ержүрек әрекеті үшін алғыс білдіремін. Ол болмағанда бұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталушы ме еді?! Осындай батылдығы үшін ол зор құрметке лайық. Ержүрек қасиетке баулап өсірген ата-анасына да үлкен рақмет! Дені сау болып, аман өссін, - дейді 9 жастағы жасөспірімнің анасы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?