Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Атырау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды El.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
II дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов;
«Парасат» орденімен «Атыраугидрогеология» ЖШС ғылыми кеңесшісі Едіге Сабуров;
«Құрмет» орденімен «Атырау облыстық кардиологиялық орталығы» КМК директоры Марат Нұрышұлы Қонысов;
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторы Сафи Қаниұлы Сәтмағамбетов;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Атырау облысы Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің домбырашысы Жәнібек Жантұрсынұлы Жәмиев марапатталды.
Айта кетейік, Президент тәуелсіз ел ретінде аяққа нық тұруымызға Атырау тұрғындарының рөлі маңызды болғанын атап өтті. Сондай-ақ Атырау облысы мұнай өңдейтін орталыққа айналуға тиіс екенін айтты.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?