Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырау облысының әкімі СерікШәпкенов Құлсары қаласын сумен қамту мәселесі туралы шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында судың құрамы «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының жаңа лупингін пайдалануға беру кезінде ластанғаны белгілі болды.
Лайдың көптігінен су құрамы толық тазармай, Құлсары қаласына қажетті су көлемі берілмеді. Лайлану көрсеткіші стандартқа сай емес.
Облыс әкімі тез арада кеткен кемшілікті реттеуді тапсырды. Сондай-ақ лай суды жинақтаушы резервуарлардан ағызу қажетігін атап өтті. Құбырлар толық тазарғанша магистральдық желіден су жіберілетін болды.
ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, судың құрамы толық тазарғанға дейін жұмыстар жалғасады. Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары