Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАтырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Қоғамдық келісімнің» ұйымдастыруымен «Жастар және дін» тақырыбында Атырау сервис колледжінің студенттерімен кездесу өтті.
Ондағы басты мақсат – жастардың діни сауатын ашып, оларды патриоттыққа, имандылыққа, адамгершілікке шақыру және қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
«Шапағат» қоғамдық қорының теолог-дінтанушысы М. Омаров жастарға ислам дінінің қазақ жеріне келу тарихына тоқтала келе, діннің еліміздегі бүгінгі ахуалына сараптама жасады. Жастарды діни сауатты болуға, ұлттық дәстүрімізді сақтауға, ата-ананы құрметтеуге шақырды және өз кезегінде қоғамда пайда болған діни бөлінушіліктің кейбір отбасыларға кері әсерін тигізіп жатқаны жөнінде статистикалық мәліметтерді де келтіріп өтті.
Студенттер маманға өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, құзыретті мамандардың жауабын алды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік