Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰзақ жауған жаңбыр салдарынан Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы бес ауылды су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аймақта 13-15 қыркүйек аралығында қатты жаңбыр жауды. Ұзақ жауын-шашынның салдарынан Кудряшово, Құрманғазы, Бөкейхан, Сафоновка және Дыңғызыл елді мекендерінің көшелерін су басты. Әлеуметтік нысандар, тұрғындардың аула аумақтары және ауылдарға апаратын жолдарды су шайып кетті.
Әкімдікке көптеген өтініштер келіп түсті, сондықтан орталық көшелерден басқа, су басу қаупі жоғары жеке тұрғын үйлердің аула аумақтарында жұмыс күшейтілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанып, су айдау жұмыстары тек Құрманғазы ауылдық округінде жүргізілуде. Бұл ауданда екі вакуумдық машина және алты адам жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде 160 текше метр су шығарылды.
Жергілікті әкімдік мәліметінше, бірінші кезекте балабақшалар, ауруханалар, мектептер мен дүкендерді қоса алғанда, аудандардан су айдау жұмыстары жүргізілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?