Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округінде аумағы 4 гектар, жылына 1600 тонна өнім өндіруге мүмкіндік беретін өндірістік жылыжай кешені ашылды. Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірімізде бұрын-соңды болмаған жылыжай ашылып жатыр. Баршаңызды құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасында шағын және орта бизнесті қолдау қажеттігі, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін басты назарға қоюды айтты. Бұл тапсырманы орындаудың бір көрінісі - осы жылыжай. Кешен тек Махамбет ауданының ғана емес, облыстың ауыл шаруашылығындағы ең үлкен жоба. Сондай-ақ осы кешенде жаңа жұмыс орындары ашылды. Азаматтарымыз мұнда заманауи техниканы игере отырып жұмыс істейді. Еткен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, - деді С.Шәпкенов.
«Жұмағалиева Н.М» шаруа қожалығы қолға алған жобаның жалпы құны - 3 млрд теңгеден астам. Үш блоктан тұратын кешеннің қазір біреуі ғана іске қосылған. Алдағы уақытта қалған блоктарда құрылыс жұмысы басталады. Жылыжайда жұмыс істейтін 60-тан астам қызметкердің 40-тан астамы жергілікті тұрғын. Олар жылыжайда жылына 900 тонна қызанақ, 700 тонна қияр жинайды. Қызанақтың голландық «Merlice» деп аталатын сорты тәулігіне 6 тонна өнім берсе, қиярдың голландық «Golden» сорты тәулігіне 7 тонна өнім береді. 9 айда әр өскіннен тәулігіне 18 келі өнім алу жоспарланып отыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?