6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБиыл Атырау өңірінде қаңтар-мамыр айларында 2,6 триллион теңге салықтық және басқа да міндетті түсімдер түсті. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Былтыр Атырау өңірінің жалпы өңірлік өнімі 14 триллион теңгені құрады. Ол 2021 жылмен салыстырғанда 1,6 пайыз жоғары. Жан басына шаққанда 20,5 миллион теңге, ал республикадағы ішкі өнімдегі үлесі 13,7 пайызға тең болды.
Биылғы 5 айда макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім бар, үш көрсеткіш бойынша төмендеу байқалады. Атап айтқанда, сауда көрсеткіштерінде негізінен әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, ал тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша дайын инженерлік құрылымдардың болмауы себебі болып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін облыс әкімдігінің нақты жоспары бар. Жылдың соңына дейін оң көрсеткіштерді қалыптастыратын боламыз, - деді Серік Жамбылұлы.
Сонымен қатар әкім 5 айдың ішінде 4,6 триллион теңге көлемінде өнім өндірілгенін айтты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,8 пайыз жоғары.
Өңдеу өнеркәсібінде 290 миллиард теңге көлемінде өндіріс өндірілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайыз жоғарылаған. Қазіргі таңда Атырауда 22,4 миллион тонна мұнай мен 11,5 миллиард текше метр ілеспе мұнай газы өндірілген, - деді Серік Шәпкенов.
Атырау облысы өнеркәсібінің республикадағы үлесі 24,5 пайызды құрады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі