Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырау облысында жыл басынан бері 17 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) орталығы адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырған 328 адам диспансерлік есепте тұрғанын айтты.
Ал облыс бойынша 30 жылда АИТВ инфекциясын жұқтырған 13 адам көз жұмған.
Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтыру дерегі 1993 жылы анықталған. Содан бергі кезеңде 13 адам аталған дерттен қайтыс болды. АИТВ инфекциясы емделмеген жағдайда ЖИТС сатысына ұласады. Бұл дертті жұқтырғандар айықпайды. Ауырған пациенттердің иммунитеті инфекцияға қарсы күшейтілген дәрі-дәрмекті қабылдағаннан кейін қалыпты болып тұрады. Былтырғы 4 айда 25 адамнан қауіпті инфекция белгісі анықталған еді. Ал, биылғы 4 айда бұл ауруды жұқтырған 17 адам тіркелді. Оның ішінде 5 әйел (29,4), 12 (70,6%) ер бар, - делінген орталықтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралуының үш жолын анықтады.
Бұл жыныстық, инъекциялық және анасынан балаға жұғу жолымен тарайды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек