Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырау-Индер тасжолында жол опырылып, көліктер ойыққа түсіп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 17 мамырда таңғы сағат 07.00 шамасында 17-ауыл тұсында болған. Салдарынан ГАЗель мен жеңіл автокөлік жол ойығына түсіп кетті. ГАЗель авткөлігінен жәшіктер құлап, жеміс-жидектер жол бойына төгілді. Жүргізушісі ойықтан көлігін өздігінен шығара алмады.
Талдыкөл ауылын газбен қамтамасыз етіп тұрған құбырдың айналасына өр суы таралып, салдарынан тасжол опырылып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының бүлінуі, газ тарау деректері тіркелген жоқ. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды. Жол бүгін, яғни, 17 мамыр кешкі уақытқа дейін толық қалпына келтіріледі, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.
Әкімдік мәліметінше, 27-28 шақырым аралығында автокөлік жүргізушілеріне айналма жолмен жүруге мүмкіндік бар.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары