12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАтырау қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан Еркінқала ауылы маңында«Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватында 600 гектар аумақта қамыс өртенді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамына тиесілі су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы арқылы өрт ошақтарына 9 мәрте су төгілді. Жалпы көлемі – 27 тонна. Қазіргі уақытта өрттің елді мекендерге таралу қаупі туындамаған.
Өртті сөндіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерінен құралған 82 адам және 17 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ-нің тікұшағы жұмылдырылды, - деді ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнында уақытылы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылған.
Қазіргі уақытта шамамен 300 гектар аумақта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер