Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында «LOTUS FEST – 2025» халықаралық мәдени-туристік фестиваль басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фестивальдің басты ерекшелігі – сирек кездесетін лотос гүлдері өсетін табиғи аймақта өткізілуінде. Құрманғазы ауданы – Қазақстандағы лотос гүлдері жабайы түрде өсетін жалғыз өңір. Бұл көрініс жыл сайын шілде айының ортасынан тамыз айының соңына дейін Қиғаш өзенінің сағасында ғана байқалады.
Фестиваль аумағында 20 киіз үйден тұратын этноауыл тігіліп, туристерге қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар облыстың барлық аудандарынан және көршілес мемлекеттерден келген кәсіпкерлердің қатысуымен ұлттық өнер мен қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Шетелдік қонақтар театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар мен салт-дәстүр көріністері арқылы қазақ халқының мәдениетімен танысуда.
Фестивальға келушілерге лотос гүлдерінің арасында экскурсия, фотозоналар, атпен серуендеу, қайықпен жүзу, гастрономиялық және фото байқаулар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Ал іс-шара концерттік бағдарлама және от шашумен аяқталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?