Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАтырау облысының Махамбет ауданында қазір тасқынға қарсы шаралар тәулік бойы жүріп жатыр. Аудан әкімдігінің мәліметінше, аудан аумағындағы елдімекендердің судан қорғану бөгеттерінің барлық ұзындығы 80 шақырымға жеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта ұзындығы 64 шақырым дамбының 54 шақырымы нығайтылды. Қалған бөлігін жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Махамбет ауданы бойынша сонымен бірге, 19,3 шақырым болатын жаңа бөгет соғу жоспарланды. Қазіргі таңда аталған бөгеттің 15,2 шақырымы соғылды.
Жаға бекіту жұмыстарына Махамбет ауданы бойынша, мекемелердің 250 қызметкері, 3500 ерікті, 331 әскери және 226 техника жұмылдырылды. Тасқынға қарсы іс-шаралар Индер ауданында да тәулік бойы жалғасып жатыр. 14 сәуір күнгі жағдай бойынша, жаға бекіту мақсатында ұзындығы 21,5 км бөгеттер салынды. Жағаны бекіту жұмыстарына арнайы 84 техника, 480 мекеме қызметкерлері мен ауыл азаматтары және 350 әскер жұмылдырылды, - деп жазылған Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан мәліметте.
Айта кету керек, Индер ауданы бойынша негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді-мекендері кіреді. Қорғаныс бөгеттерінің 10 500 метрі осы аумақта орналасқан.
Сонымен қатар, суға кету ықтималдығы бар Индербор кенті, Елтай, Есбол, Көктоғай, Бөдене, Өрлік және Ынтымақ ауылдарының бөгеттері де көтеріліп жатыр.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова