Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерЖыл басынан бері Атырау облысында туберкулездің алдын алу мақсатында барлығы 6 250 балаға БЦЖ вакцинасы егілді. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 94,1% құрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, перзентханаларда 993 бала вакцина алды. Бұл көрсеткіш 1 жасқа дейінгі сәбилердің 91,3%-ын қамтыды. Вакцинадан кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.
Аудандық деңгейде туберкулезге қарсы вакцинамен қамту көрсеткіштері бірқалыпты жоғары деңгейде сақталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында қамтылу көрсеткіші 90,8%-ды құрап, вакцинадан кейінгі асқыну жағдайы тіркелмеді. Жылыой ауданында қамту деңгейі 92,5% болды, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.
Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы және Махамбет аудандарында 1 жасқа дейінгі балалардың вакцинамен қамтылуы 100% деңгейінде жүзеге асты. Ал Мақат ауданында бұл көрсеткіш 94,4%-ды құрады. Учаскелер бойынша вакцина алғандар саны – 131 бала. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 113. Бұл жас тобы бойынша қамтылу деңгейі 50,4%-ды құрады. Вакцинадан кейінгі асқынулар бұл жолы да тіркелген жоқ.
Мамандардың айтуынша, облыс бойынша вакциналау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, барлық қауіпсіздік талаптары толық сақталған.
Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?