Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыАтырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылында ірі қараның жұмбақ жағдайда қырылуы жергілікті жұртты алаңдатып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тамыз айынан бері ауылда 21 бас сиырдың өлімі тіркелген. Тұрғындар мал дәрігерлік қызметтердің әрекеті баяу екенін айтып, жауапты органдардан мәселені жедел шешуді талап етуде. Atyrau.today мәліметінше, ауыл ішінде үрей күшейген, өйткені індеттің нақты себебі әлі анықталған жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, малдың өліміне күйдіргі немесе пастереллёз секілді қауіпті жұқпалы аурулар себеп болуы мүмкін. Қырылған жануарлар арнайы санитарлық тәртіпке сай жойылып, оқиға орындары толықтай дезинфекциядан өткізілген. Зертханалық талдау үшін патологиялық сынамалар облыстық ветеринариялық зертханаға жолданды.
Аудандық ветстанцияның директоры Жанібек Кенжин жағдайдың күн сайын бақылауда екенін жеткізді:
Бүгін тағы бір малдың өлімі туралы хабар алдық. Қажетті сынамалар алынды, ертең зертханаға жібереміз. Нақты диагноз зертханалық нәтижеден кейін белгілі болады, - деді ол.
Қазір ауылда мал иелеріне алдын алу шараларын күшейту, ауру белгілері байқалған жағдайда дереу ветеринар мамандарға хабарласу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік өкілдері зертханалық қорытынды шыққан соң қосымша шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды