13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАтырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына ауыл шаруашылық «Агро туризм» экскурсиясы өткізілді.
Агро туризм саяхаты Махамбет ауданына қарасты Сарайшық селосы «Сарайшық» ЖШС-нің ешкі сүт зауытынан бастау алды.
Экскурсия барысында зауыттың мал дәрігері Шефер Эрнест Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қозғалысының мүшелері мен оқушы балаларға ешкі малының өсуі жөнінде және өнімдерінің қалай, қайдан алынатындығы жөнінде мәлімет берді.
Жалпы шаруашылықта 60 мыңға жуық ешкі үй жануарлары бар және ешкінің сүтінен қаймақ, сүт, айран, құрт, балмұздақ, йогурт секілді таза өнімдердің алынатындығын таныстырып, өнімдерден жастарға ұсынды.
Одан әрі экскурсия жұмысы «Алмалы құс» фабрикасына ұйымдастырылды. Фабрикада бірнеше блоктар орналасқан, соның ішіндегі 4 блокта 240 мыңға жуық тауықтар бар. Күніне барлық тауықтардан 210 мыңға жуық жұмыртқа алынып, цехтан тазартылып, өңіріміздің және аудандардың сауда орталықтарына жөнелтіледі.
Сондай-ақ, жұмыс бағыты «Мекен» демалыс орнының мал шаруашылығында жалғасын тауып, балалар жылқы малы, құстардың түрлері (түйеқұс, күркетауық, үйрек, фазанда, павлин) және хайуанаттардың түрлерін (қасқыр, аю) тамашалап, демалыс орнында мал шаруашылығымен қатар, егін шаруашылығы картоп, қызанақ, қияр, қауын, қарбыз өнімдері туралы мәлімет алды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды