Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырау облысының 29 437 тұрғыны тұрғын үй кезегінде тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңір бойынша 52 тұрғын үй салынып жатқанын айтты. Биыл 10 тұрғын үй, келесі жылы 32 тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Тұрғындардан көптеп түсінетін өтініштердің бірі – тұрғын үйдегі кезекті қамту мәселесі. Келесі жылы біз салынып біткен үйлердің ішінен арнайы 24 үйді кезекте тұрған азаматтарға береміз, - деді әкім.
Сонымен қатар Серік Жамбылұлы Атырау өңірінде арнайы бағдарламалар қабылданғанын айтты.
Мәселен, арнайы «Атырау жастары» бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламамен 5 пайыздық мөлшерлемемен 18 миллион теңге көлемінде несие алуға болады. Алғашқы кезеңде осы бағдарлама аясында 100-ге жуық жас маманды баспанамен қамту жоспарланып отыр, - деді ол.
Оған қоса әкім «Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасының ерекшелігіне тоқталды. Қатысушыларға бастапқы жарнасыз қолданыстағы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі. Жылдық мөлшерлемесі – 5 пайыз, ал несие өтеу мерзімі 20 жылға дейін белгіленген. Бағдарлама шеңберінде Атырау қаласында 18 миллион теңгеге дейін және аудандарда 13 миллион теңгеге дейін қарыз беру қарастырылған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары