23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау облысы Махамбет ауданының Таңдай ауылдық округіне қарасты Қалмақты ауылының маңында 38 бас киік өлексесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мәслихат депутаты Бақыт Қаметов Facebook желісінде жариялап, осы факт бойынша материалдар 2024 жылғы 26 қаңтарда Махамбет аудандық ІІБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен тіркелді.
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдарының нәтижелері туралы қосымша хабарланады.
Атырау облысының аумағында киіктердің санын реттеу бойынша іс-шаралар киіктерді және оның дериваттарын реттеу механизмі бойынша бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес 2024 жылғы 16 қаңтарда басталды, - делінген комитеттің мәліметінде.
Киік санын реттеу шаралары «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
Бекітілген Алгоритмге сәйкес реттеу нәтижесінде алынған киік ұшалары міндетті түрде асқазан-ішек жолын алып тастап, ішкі мүшелері, басы және терісімен ветеринарлық бақылау үшін ет комбинаттарына жіберіледі, мал дәрігерлері ұшаларды қарап байқаған соң ветеринариялық анықтама береді, - деп қосты комитеттегілер.
Киік мүйіздері белгіленген талаптарды сақтай отырып, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК дериваттарға есеп жүргізетін жауапты қызметкерінің және аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекцияларының мемлекеттік инспекторларының бақылауымен бөлінеді және кейіннен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК сақтауға жіберу үшін міндетті түрде таңбалауға жатады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік