30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАтырау облысында 165 мыңға жуық гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер телімі ауыл шаруашылығы мақсатында алынғанымен, пайдаланылмай келген, деп хабарлайды El.kz.
Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидің мәліметінше, биылғы сегіз айда мемлекет меншігіне 119 жер телімі қайтарылған.
«Былтыр ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмей жатқан 201,82 мың гектар жер анықталды. Оның ішінде 17,67 мың гектары шара қолданудың нәтижесінде қайта игеріле бастады. Ал, 87,08 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған еді. Биылғы сегіз айда 164 826,85 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 119 жер учаскесі мемлекетке қайтарылып отыр», - деп хабарлады Әлібек Ермекқали.
Оның айтуынша, мемлекетке қайтарылған жер телімдерінің 164 776,85 гектары жайылымдық, ал 50 гектары шабындық алқап болса, 3 гектары басқа мақсат үшін алынған.
«Жер телімінің 164 326,85 гектарын иелері өз еркімен қайтарып берді. Қазір жергілікті атқарушы органдардың мамандары 97,07 мың гектар жердің игерілмеу себебін анықтау мәселесін қарап жатыр», - деп мәлім етті Әлібек Ермекқали.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды