Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАтырау облысы Жылыой ауданында су тасқыны салдарынан 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстау өңіріне көшірілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық қоғамдық Коммуникация орталығының мәліметінше, Атырау облысында төтенше жағдай жариялануына байланысты, Жылой ауданы, Құлсары қаласынан қазіргі уақытта 1678 мектеп оқушысы Маңғыстау облысына жеткізілді.
Эвакуацияланған білім алушылар өңірдегі білім беру ұйымдарына тіркелді. Ақтау қаласына 374 оқушы, Бейнеу 1098 оқушы, Жаңаөзен қаласына 65 оқушы және Қарақия ауданына 38 оқушы, Маңғыстау ауданына 41 оқушы, Мұнайлы ауданына 53 оқушы, Түпқараған ауданына 9 оқушы есепке алынды.
Сонымен қатар, облысқа келген оқушылардың 351-і мектепке, 326-ы колледждерге, 992-і туыстарының және облыс тұрғындарының үйлеріне, 9-ы қонақ үйлерге ата-аналарымен бірге орналастырылды. Онымен қоса, жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін облыстық білім басқармасы тарапынан жауапты қызметкерлер жөнінде ақпарат енгізілген «Атырау облысына көмек» атты арнайы парақша ашылды. 7 сәуір күні оқушылардың барлығы сабаққа қатысты. Оқушылар 52 мектепке бекітілді. Оның ішінде, 1618 оқушы қашықтықтан, 49 оқушы дәстүрлі форматта білім алуда. Аталған мәселеге байланысты қашықтықтан оқыту сабақтары ZOOM желісі арқылы өтеді. Онлайн оқыту форматы биыл 8-12 сәуір аралығында жүргізіледі. Ал, өзгерістер қосымша хабарланып отыратын болады. Оқушыларға қажеттілігіне қарай кеңсе тауарлары, оқулықтар таратылды.
Эвакуацияланғандар орналастырылған білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шаралары алынды.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес