Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырау қаласының Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Хаменова Бақытгүл Қайржанқызымен кездесу өтті.
Оған облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері мен Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысты.
Мәжіліс депутаты кеңес мүшелерімен, бірлестік өкілдерімен бірлесе отырып, өңірдің экологиялық, әлеуметтік жағдайы туралы өзекті мәселелерді қозғап, парламентарийлердің жаңа заң жобаларымен таныстырды.
Аналар кеңесінің атынан сөз алған Светлана Хан, бірлестік басшыларының атынан сөйлеген Андрей Кораблев жергілікті экологиялық проблемаларға баса назар аудару қажеттігін айтып, депутатқа мемлекеттік деңгейде шешуге қатысты сұрақтарға өз ұсыныстарын білдірді. Аналар кеңесі туралы да бірқатар ойлар талқыға салынды.
Сонымен қатар Атырау облысы ҚХА-ның Хатшылық меңгерушісі Гүлмира Шакирова ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктер мен Ғылыми-сараптамалық тобының жұмысы және биылғы ҚХА-ның 25 жылдығына орай өткізілетін жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек