Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАтырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Л. Джылқышиева мен «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің төрайымы Г. Повстянко бірқатар маңызды мәселелерді талқыға салды.
Галина Повстянко өз сөзінде көпбалалы аналарға көмек көрсетуде Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясының Атырау филиалының қолдауымен «Жәрдем» қоры бағдарламасының бастау алғанын және оның аясында тігіншілік, кондитерлік, аспаздық, емдік массаж, шаштараз, қолөнер мен ағылшын тілі сынды курстарда тегін оқулар ұйымдастырылатынын хабарлады.
Өз кезегінде «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Светлана Кван осындай курстарды оқытуға жас аналарды көбірек тарту керектігін алға тартты.
Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды қажет ететін өзге ұлт өкілдерінен құралған 167 көпбалалы ананың тізімі анықталып, тіркелген.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік