Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАтырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғылары іске қосылып, жанар-жағармай өнімдерін шығару ісі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі зауыт кеше, 6 шілдеде жұмыс істей бастағанын атады. Зауытта баяу кокстеу қондырғысынан басқа желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны мәлім болды.
Баяу кокстеу қондырғысында апатты тоқтау салдарынан бітеліп қалған жабдықты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл қондырғы шикі кокс өндіруге арналған. Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлеміне әсер етпейді. Аталған қондырғыны іске қосу 9 шілдеге жоспарланып отыр, - деп жазылған АМӨЗ таратқан мәліметте.
Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытының резервуарларындағы қор есебінен әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін жөнелту жалғасуда. 1-6 шілде аралығында тұтынушыларға 24 мың тонна АИ-92 бензинін, 9 мың тонна АИ-95 жанармайын, 40 мың тонна дизель отынын, 3 мың тонна әуе отынын жөнелткен болатын.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар