28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАтырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі хабарлағандай, өндіріс орны 6 шілдеден бастап мұнай өнімдерін шығару жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі кезде баяу кокстеу қондырғысынан (БКҚ) өзге, зауыттың барлық технологиялық қондырғылары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Баяу кокстеу қондырғысында апатты тоқтау салдарынан бітеліп қалған жабдықты тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл қондырғы шикі кокс өндіруге арналған, мұнай өңдеу көлеміне немесе басқа мұнай өнімдерінің өндірісіне әсер етпейді.
Жоспар бойынша баяу кокстеу қондырғысы 9 шілдеге дейін іске қосылады.
«АМӨЗ» ЖШС әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін тұтынушыларға жинақталған қор есебінен жөнелтуді жалғастырып жатыр.
Кәсіпорын 1-6 шілде аралығында:
Атырау мұнай өңдеу зауыты 3 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағ. 17.25-те МАЭК жылу электр станциясында болған апатқа байланысты жұмысын тоқтатқанын еске саламыз. Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілген еді. З шілде сағ. 19:35-те «KEGOC» АҚ тарапынан электр қуаты қайта беріле бастады. Қазіргі уақытта кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, - делінген АМӨЗ баспасөз қызметінің ақпаратында.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?