Кеше, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамыБүгін еліміздің бас мұнайлы өңірі Атырау мен тарихи-индустриялық орталық Ұлытауда маңызды саяси ауыс-түйіс болды. Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалса, Ұлытау облысын енді Есет Байкен басқарады.
Болат Ақшолақов
Болат Ақшолақов Атырау облысында әкім лауазымы енгізілгеннен бергі 11-ші әкім атанды. Атырау облысы – Қазақстанның басты мұнай өндіретін өңірі. Мұнда еліміздегі ең ірі мұнай кен орындары орналасқан.
Болат Оралұлы Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген. Болат Ақшолақов – Қазақстандағы геологиялық барлау саласының негізін қалаушылардың бірі, елдің мұнай-газ әлеуетін зерттеуге зор үлес қосқан Орал Ақшолақовтың ұлы.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясының есеп және экономикалық кибернетика факультетін, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібіне арналған білім беру орталығын тәмамдаған. Мамандығы – «Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын бағалау» және «Мұнай өндіру экономикасы».
Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan банкінде экономист, кейін бас экономист қызметінен бастады.
Еңбек жолы:
1995-1997 жылдары – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінде бөлім басшысы, департамент директоры.
1997-2001 жылдары – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясында аға сарапшы, менеджер, бас менеджер, департамент директорының орынбасары.
2001-2003 жылдары – Commonwealth and British Services Ltd. компаниясында бизнес-талдаушы, менеджер, қаржы директоры.
2003-2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директор.
2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
2009-2010 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында электр энергетикасы және мұнай-газ активтерін басқару жөніндегі басқарушы директор.
2010-2011 жылдары – «PSA» ЖШС-нің бас директоры.
2011 жылы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болып тағайындалды.
2012-2014 жылдары – Мұнай және газ вице-министрі.
2014-2017 жылдары – «Almex Petrochemical» ЖШС-нің бас директоры.
2016-2017 жылдары – «Kazenergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының бас директоры.
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі.
2019-2021 жылдары – «Kazenergy» қауымдастығының бас директоры.
2019-2021 жылдары – «Almex Petrochemical» ЖШС-нің бас директоры.
2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
2022 жылғы 11 қаңтардан 2023 жылғы 4 сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
2023 жылғы 4 сәуірден 2025 жылғы 13 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2025 жылғы 14 ақпаннан бастап – «Kazenergy» қауымдастығының төрағасы қызметін атқарды.
Соңғы төрт жыл бойы Атырау облысының әкімі қызметін Серік Шәпкенов атқарды. 17 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен ол қызметінен босатылды.
Есет Байкен
Ұлытау облысының әкімі болып Есет Байкен тағайындалды. Ол Ұлытау облысы құрылғаннан бергі өңірдің 3-ші әкімі атанды.
Айта кетейік, Ұлытау облысы 2022 жылы әкімшілік-аумақтық реформа аясында Қарағанды облысының құрамынан бөлініп құрылды. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы.
Есет Берікұлы Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, сондай-ақ академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы және құқық салаларында жоғары білім алған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған.
Әр жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында қызмет атқарып, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің басшысы болды. Кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы және мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды.
2019 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды. Кейін Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ елордадағы Сарыарқа ауданының әкімі болды.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстанда облыс әкімдері қалай тағайындалады?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, облыс әкімі лауазымына Президент кемінде екі кандидатты ұсынады. Кандидаттар мәслихаттардың қарауына жіберіліп, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының бірлескен отырысында олардың бағдарламалары тыңдалады.
Одан кейін депутаттар жасырын дауыс беру өткізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидат мәслихаттың келісімін алған болып есептеледі. Осы дауыс беру нәтижесінің негізінде Президент облыс әкімін тағайындау туралы Жарлыққа қол қояды.
Кеше, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?