12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАтырау-Алматы бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының жолсеріктері жүкті келіншекті вагонда толғағы қысқан кезде көмектесіп, босандырып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Теміржолы» компаниясы Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқанын мәлімдеді. Жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова мен Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына көмектескен.
Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге келді. Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды, - деп жазылған ҚТЖ мәліметінде.
Жолаушылар пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер