Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырау қаласының Достық үйінде «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Твори добро» атты қайырымдылық жаңажылдық мерекелік шара өтті.
Онда Атырау қаласының «Тропикана», «Фламинго» би студиясы, «Хуторянка», «Фантазия» вокалдық студиясы және «Мрия» дуэті мен «Довира» украин этномәдени бірлестігінің мүшелері өнер көрсетті.
Сондай-ақ, балақайларға жаңа жылдық шоу ұйымдастырылып, қатысушыларға Аяз ата мен Ақша қардың мерекелік қойылымы ерекше әсер қалдырды.
Шара соңында «Довира» украин этномәдени бірлестігінің атынан өнер көрсеткен өнерпаздар мен аз қамтылған 20 отбасы балаларына демеушілер атынан сыйлықтар таратылды. Ал «Довира» украин этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Роман Оливко мен кеңес мүшесі Олег Козедуб Алғыс хаттармен марапатталды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек