Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек71 жастағы америкалық рестлер әрі актер Халк Хоган (шын аты – Терри Боллеа) Флоридадағы өз үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
TMZ Sports хабарлауынша, бейсенбі күні таңертең Хоганның Клируотер қаласындағы үйіне жедел жәрдем қызметі шақырылған. Жүрек талмасы ұстаған спортшыны шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Соңғы айларда Хоган бірнеше рет операция жасатқан. Маусым айында оның әйелі спортшының жағдайы ауыр деген қауесеттерді жоққа шығарып, бәрі жақсы екенін айтқан еді.
Халк Хоган – рестлингті бұқаралық шоуға айналдырған тұлғалардың бірі. Оның жарқын бейнесі мен шоу-бағдарламалары балалардан бастап ересектерге дейінгі көрерменнің көзайымына айналды.
1996 жылы ол имиджін түбегейлі өзгертіп, NWO (New World Order) атты топ құрып, «Голливудтық Хоган» атымен өнер көрсетті. Бұл оның мансабындағы жаңа кезең болды.
Рестлинг рингінде ол Дуэйн «Скала» Джонсонмен, Андре Алыппен (Андре Гигант), Ультимэйт Уорриормен және Рэнди Сэвиджмен өткен жекпе-жектерімен есте қалды. 2005 жылы WWE Даңқ залына енгенімен, кейін нәсілшілдікке қатысты даудан соң ол тізімнен шығарылды. 2020 жылы ол NWO мүшесі ретінде Даңқ залына қайта қабылданды.
Рестлингтен бөлек, Хоган «Рокки III», «Қала шетіндегі командос», «Ережесіз ойын» және «Мистер Тәрбиеші» фильмдерінде ойнаған. Сондай-ақ Hogan Knows Best атты реалити-шоудың басты кейіпкері болды.
2025 жылдың көктемінде ол Real American Freestyle деп аталатын жаңа әуесқой лиганы іске қосатынын жариялаған. Алғашқы турнир 30 тамызға жоспарланған еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?