Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс18 қазан күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында аты аңызға айналған «GULDER»» ансамблінің концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«GULDER» ансамблі – «G-band», балет және эстрада солистерін біріктірген Қазақстанның ең танымал және тарихы терең ансамблі.
Концерт Қазақконцерт жұлдыздары – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық, Сұлтан Ахмет, Ербол Тәжібаев, Анна Уварова және Ақбөпе Әлібекованың қатысуымен өтеді.
Ұжым көпшілікті қазақтың әндері мен дәстүрлі билері, сондай-ақ заманауи музыка мен эстрадалық нөмірлерді ұтымды үйлестіре отырып, жаңа әрі әсерлі би қойылымдарымен таңғалдырмақ.
Айта кету керек, 2023 жылдың көктемінде «GULDER» ансамблінің жаңартылған құрамының тұсаукесері өтті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Абзал Өсімбаев, бас балетмейстері - Анвара Садықова.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды