Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова педагогтерді аттестаттауға қойылатын талаптар жеңілдетілгенін мәлімдеді. Жаңартылған жүйеге сәйкес, енді мұғалімдерден эссе жазу, ғылыми мақала жариялау, авторлық бағдарлама әзірлеу және оқу-әдістемелік материалдар ұсыну талап етілмейді. Жалпы, педагогтерді аттестаттау жүйесінде тағы қандай өзгерістер бар, жаңа тәртіп нені көздейді? Осыған шолу жасадық.
Шынар Ақпарова қолданыстағы аттестаттау жүйесінде мұғалімдерге артық жүктеме түсіретін талаптар болғанын жасырмады. Ол тестілеуге дайындық, портфолио жинақтау және қосымша құжаттар рәсімдеу педагогтердің уақытын алатынын атап өтті.
Міндетті тестілеу кімдер үшін сақталады?
Пәндік білімді бағалау бойынша міндетті тестілеу тәжірибелі педагогтер үшін алынып тасталады. Алайда тестілеу мына санаттар үшін сақталады:
Сонымен қатар аттестаттау процесі толық цифрландырылып, Ұстаз платформасы арқылы жүргізілетінін мәлімдеді. Ол жүйеде педагогтің еңбек өтілі, біліктілігі мен кәсіби жетістіктері автоматты түрде қалыптасатынын айтты.
Санаттар бойынша талаптар жеңілдейді
Сондай-ақ Шынар Ақпарова педагог-модератор санатына қойылатын талаптар қайта қаралатынын айтты.
Педагог-модератор:
Педагогтің мектепішілік жобаларға, шығармашылық топтарға қатысуы, сынып сағаттарын ұйымдастыруы және сыныптан тыс іс-шаралар өткізуі де бағалау кезінде ескеріледі. Педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші және педагог-шебер санаттарына да енгізіледі. Қазіргі уақытта пилоттық кезеңге арналған бұйрық жобасы әзірленіп, келісу сатысында. Алдағы уақытта барлық мүдделі тараптарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деді ол.
Әлеуметтік қолдау күшейді
Соңғы жылдары мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есеге өсті. Ал мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің еңбекақысы 30 пайызға көбейді. Қосымша төлемдер енгізіліп, еңбек демалысы 56 күнге дейін ұзартылды.
Нәтижесінде қазақстандық педагогтердің 95 пайызы өз мамандығына қанағаттанатынын білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда педагогтердің білімін бағалау (ПББ) жүйесінің уақытша тоқтатылуы білім беру саласында қызу талқылауға себеп болды. Бұл өзгеріс ұстаздар қауымы арасында түрлі пікір туғызып, әсіресе аттестациядан өтіп үлгермеген мұғалімдердің болашағына қатысты сұрақтар туындатқаны рас. Осыған байланысты оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ресми түсініктеме беріп, жаңа өзгерістердің мән-жайын нақтылап өткен болатын. Бұл туралы да жаздық.