6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Финалда ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 есебімен ұтқан Бублик ATP рейтингінде бірден 15 сатыға көтеріліп, 30-орынға жайғасты. Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы тағы бір ресейлік Карен Хачановты үш сет қорытындысы бойынша жеңген болатын.
Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко рейтингте 97-орында тұр.
ATP рейтингінің көш басына италиялық Янник Синнер жайғасқан. Екінші орынды испаниялық Карлос Алькарас иеленсе, үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндейді.
Айта кетейік, жексенбі күні өткен финалда қазақстандық теннисші Медведевті қапы қалдырып, турнирдің екі дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар тағы бір теннисшіміз Зарина Дияс Испаниядағы аламанда үздік шықты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі