6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚұтқарушылар Атлант мұхитында жоғалып кеткен «Титан» батискафына тиесілі суасты қайығының екі бөлігін тапты. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Табылған бөліктердің арасында қону жақтауы мен артқы қақпақ бар екені анықталды. Олар қашықтан басқарылатын аппараттың көмегімен табылды.
Бұған дейін Атлант мұхитында жоғалған батискафта оттегі таусылғаны айтылған.
18 маусымда туристер «Титан» суасты көлігімен «Титаник» жолаушылар кемесін көру үшін Атлант мұхитының түбіне түсіп, із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Бостон жағалау күзеті хабарлады. Бортта бес адам бар екені белгілі. Расталмаған ақпарат бойынша, оның ішінде британиялық миллиардер және Action Group негізін қалаушы Хамиш Хардинг бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі