Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАқмола полицейлері Атбасарда жануарларға қатыгездік көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады. Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды. Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған.
Бұл факт ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады.
Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтауда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар